Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Жарияланған December 2022

170

123

Аңдатпа

Аталмыш мақалада, халықтың ауызша тарих айту дәстүріне негізделіп, қазақ тарихының кейбір мәселелерін, ауызша тарих айту дәстүрінің басты көрсеткіші – шежіренің қысқаша зерттелу тарихына көңіл бөлінген.
Көшпенді дала өркениетінің ерекшеліктерін түсіну үшін тек қана батыстық немесе шығыстық дерек көздері жеткіліксіз. Себебі, кей деректер қазақ халқының, көшпеді тайпалардың тарихи ерекшеліктерін баяндауға емес, олардың теріс және кеміс жақтарын сипаттап, төмендетуге және саналы түрде бұрмалауға бағытталған. Яғни, сол халықтың ерекшеліктерін сол халықтың ұрпақтары мен сол елдің өкілдерінен артық білу екінің бірінің қолынан келе бермейтін күрделі іс. Тарихтың осындай кезеңдері мен оның ерекшеліктерін зерттеу кезінде ұлттық төлдеректерді пайдаланудың маңыздылығы зор. Ұлттық төлдеректердің қатарына, халық ауыз әдебиеті (аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, ертегілер, т.б.) және ауызша тарих айту дәстүрі (шежіре, ата-тек тарату, т.б.) жатады.
Мақала, он бесінші – он сегізінші ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті мен әлеуметтік құрамына және он тоғызыншы ғасырдың аяғы мен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ ауызша тарихын зерттеуші жақын шетел ғалымдары мен қазақ зиялыларының тарихи көзқарастарына қатысты мәселелерді зерттеуде үлкен көмегін тигізеді.

pdf (Русский)