Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

КӨКШЕТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ МЕГАЛИТИКАЛЫҚ СӘУЛЕТТІҢ ЖАҢА ЕСКЕРТКІШІ

Жарияланған December 2022

163

116

Аңдатпа

Бұл мақала AP13068420 «Памятники мегалитической архитектуры эпохи бронзы в Бурабае» жобасын іске асыру аясында әзірленді.
Мақалада Қазақстан Республикасының аумағында, Ақмола облысының Бурабай ауданында табылған және зерттелген археологиялық ескерткіштердің жаңа түрі туралы мәліметтер келтіріледі.
Ескерткішті мегалитикалық құрылыстар санатына жатқызуға болады. Ол ірі өңделген гранит тастардан тұратын екі ұзын қабырға, тегістелген алаңы мен ұзын пандусы бар құйылған бастырма (терраса), сыртқы алаң, бітіктас, тау-кен қазбасы мен шеберхана сынды бірнеше сәулет элементтерінен тұратын кешен
Негізгі нысан – ландшафтқа қоса өрілген қос қабырға. Қабырғаларды тұрғызу үшін сол жерде өңделген гранитті тау жыныстары пайдаланылған. Тастың етегіндегі үлкен қойтастардың бірінде, бастырманың астында бұқа тәрізді аласа бедер бар, ал қабырғадан сәл шығысқа қарай сырттан бастырманың орталық алаңына өтетін баспалдақ түрінде төселген жол бар. Қабырға қалауының бұзылу деңгейіне, планиграфиялық ұқсасқтықтарға, құрылыс және сәулет тәсілдеріне, еңбек шығынына, жақын маңдағы қоныстар мен қола дәуіріне тиесілі ірі қорымның болуына қарай ескерткішті сол қола дәуірі кезеңіне жатқызуға болады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
С.А, Я. 2022. КӨКШЕТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ МЕГАЛИТИКАЛЫҚ СӘУЛЕТТІҢ ЖАҢА ЕСКЕРТКІШІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 74 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/5693.2022.37.40.001 .