Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ЖОҒАРҒЫ ТОБЫЛ БОЙЫНДАҒЫ ТАС ҒАСЫРЫНЫҢ ТҰРАҒЫ

Жарияланған May 2021

48

65

Аңдатпа

1999 жылғы далалық маусым кезінде Қарасор археологиялық объектісін стационарлық зерттеу барысында Қарасор 2 тұрағында алынған тарихқа дейінгі кезеңдегі материалдық мәдениеттен табылған заттар жинағы ғылыми айналымға енгізіледі. Қарасор ескерткіштер тобы Лисаковск қаласының маңында, жоғарғы Тобыл бойында орналас-қан. Карасор 2 тұрағында керамика фрагменттері мен тастан жасалған бұйымдар жердің беткі қабатының бұзылуына байланысты жер бетінен табылып жиналған. Басылымда керамикаға толық сипаттама берілген, ал тас құралдары техника-типологиялық әдіспен зерттелген. Қарасор 2 тұрағында табылған керамиканың фрагменттері тым кішкентай болғандықтан, жиналған материалдардың уақыты және мәдени құрамын тас индустриясының техника-типология-лық талдауының нәтижелеріне сүйене отырып анықтаған. Автор бұл ескерткіште мезолит және кеш энеолит дәуіріндегі тас салаларынан қалды деген қорытындыға келді. Бұл ретте терсек мәдениетінің тас индустриясымен тікелей ұқсастығы бар тас мүкәммалының кешені соңғы кезеңмен салыстырылады. Қарасор 2 тұрағында 1998-1999 жылдардағы далалық маусымдарда жер бетінен жиналған тас құралдары мен керамика топтамасының уақытша диапазоны болжам бойынша мезолит финалынан қола дәуіріне дейінгі кезеңмен анықталады

pdf (Русский)