Мақалада Сырдарияның төменгі ағысындағы антикалық Бәбіш Мола 7 ескерткішіндегі №6 қазбадан табылған остеологиялық материалдар талданады. Барлығы 64 дана сүйек материалдар зерттеленіп, оның ішінде 60 данасы жануар түрлеріне қарай ажыратылды. Палеозоологиялық зерттеу барысында үй жануарларының барлық түрлері және екі жабайы жануар түрі анықталды. сүйектерді сипаттау қалыптасқан әдістер негізінде жүргізілді, сүйек материалдар бойнша жануар түрлері, әрбір түрдің қаңқа элементтері, жас ерекшеліктері және бөлшектену түрлері анықталды. Бөлшектену үдерісі бойынша сүйек материалдар – бүтін және фрагмент деп екіге топталды. Барлық өлшем жүргізуге ыңғайлы эпифиздері бүтін сүйектерге морфометриялық зерттеу жүргізілді. Остеометриялық зерттеулер бойынша алынған мәліметтер басқа қазбадан табылған материалдармен салыстырылды
OSTEOLOGICAL MATERIALS OF AN ANCIENT MONUMENT BABISH-MOLA 7 IN THE LOWER REACHES OF THE SYR DARYA
Жарияланған May 2021
55
49
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Шірікрабат мәдениеті, Жаңадария, Бәбіш Мола 7, археозоология, остеология, морфометрия, мал шаруашылығы, аңшылық.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Утубаев , Ж. і Шагирбаев , М. 2021. OSTEOLOGICAL MATERIALS OF AN ANCIENT MONUMENT BABISH-MOLA 7 IN THE LOWER REACHES OF THE SYR DARYA. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 67 (Трав 2021).