Мақалада «Қазақ газеті» және тұлғатану мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар Қазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласында басылып шыққандығы және проблемалық тұтары қарастырылған. Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері журналистикасының дамуындағы үлкен бір биік белес болды. «Қазақ» – ұлт азаттығы мен мәдени ағарту жолында салиқалы қызмет атқарған, тұтымды ой, татымды пікірлерге жол басшы, саяси батыл басылым.
«Қазақ» жетісіне бір рет апталық газет ретінде шығып тұрды. Басылымның «Қазақ» аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпы ұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да, ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды.
«ҚАЗАҚ ГАЗЕТІ» ЖӘНЕ ТҰЛҒАТАНУ МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған May 2021
171
124
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
«Қазақ газеті», тұлғатану, басылым, ұлттық газет
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мектепбергенов , Н. 2021. «ҚАЗАҚ ГАЗЕТІ» ЖӘНЕ ТҰЛҒАТАНУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 64 (Трав 2021).