Журнал туралы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы археология, этнография, демография, әлеуметтік-экономикалық, саяси-әлеуметтік, жеке тұлғалар тарихы, тарихты оқыту әдістемесі, жалпы тарих, деректану және тарихнама салалардағы зерттеулердің нәтижелерін талқылауға арналған ғылыми басылым болып табылады.
Білім және Ғылым саласын бақылау комитетінің шешімі негізінде (Бұйрық №433-3 ж 26 маусым 2003ж.). Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы тарих ғылымдары бойынша диссертациялық жұмыстардың ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдардың тізіміне енгізілді (мамандық 07.00.00).
Алғашқы есепке қою Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінде 08.05.2009 ж. тіркелген, бұйрық № 10102-Ж, (журнал 2000 жылдан бастап шығарылады). ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне "тарих ғылымдары" бағыты бойынша 24.09.2021 жылы енгізілген, бұйрық № №739.
Тарату аумағы: Қазақстан Республикасы
Тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Халықаралық стандарттық серия нөмірі: (ISSN-L): 2959-6009
ISSN (Online): 2959-6017
ҚазҰПУ Абай хабаршысы, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін келесі бағыттар бойынша жариялайды:
- Әлеуметтік-экономикалық тарихы;
- Жалпы тарих;
- Саяси және әлеуметтік тарих;
- Деректану және тарихнама;
- Археология және этнология;
- Тарихты оқыту әдістемесі;
- Жеке тұлғалар;
- Жас ғалымдардың зерттеулері.
Журнал "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (ҰМҒТСО) мәліметтер базасына кіреді және қазақстандық цитаттау базасы (ҚазЦБ) бойынша нөлдік емес импакт факторы бар (http://www.nauka.kz). Сілтемені мына жерден де білуге болады.