Бұл мақалада Қазақстан өңірлерінің 1990–2000 жылдар аралығындағы мәдени даму көрсеткіштері салыстырмалы түрде талданады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі трансформация кезеңінде мәдени инфрақұрылымда орын алған құрылымдық өзгерістерге экономикалық, демографиялық және әлеуметтік факторлардың ықпалы қарастырылады. Статистикалық жинақтар, өңірлік есептер және мәдениет мекемелерінің ресми деректері негізінде кітапханалар, музейлер және театрлар жүйесінің динамикасы аймақтық айырмашылықтармен бірге зерделенді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, аталған онжылдықта кітапханалар желісі республика бойынша едәуір қысқарып, әсіресе ауылдық өңірлерде мәдени қызметтердің қолжетімділігі төмендеді. Ал музейлер мен театрлар жүйесінде салыстырмалы түрде тұрақты немесе біршама өсу байқалды, бұл мәдениет саласына бағытталған мемлекеттік қолдаудың кезеңдік түрде жандануымен байланысты. Мақала өңірлердің мәдени дамуындағы ортақ және ерекше тенденцияларды айқындап, посткеңестік кезеңнің мәдени саясатының аймақтық ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНІҢ 1990–2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ МӘДЕНИ ДАМУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Жарияланған March 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мәдени саясат және инфрақұрылым
өңірлік даму
кітапхана
музей
театр
Қазақстан
1990-2000жж.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Қуанышев, Ж., Хасенова, Н. і Бадиев, А. 2026. ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНІҢ 1990–2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ МӘДЕНИ ДАМУЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 88 (Бер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.88.1.009.

