Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

«МОҢҒОЛДЫҢ ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІ» - ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

Жарияланған June 2026

0

0

ЕҰУ докторант
Аңдатпа

Мақалада «Моңғолдың құпия шежіресінің» жазылу тарихы, төл нұсқасы мен атауы, таралу жолдары, сондай-ақ оның аудармаларына қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, ғылыми болжамдары мен әртүрлі көзқарастары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар «Құпия шежіренің» мазмұнын терең талдап, деректік сипатын ашуға бағытталған ортағасырлық ғалымдардың ауқымды еңбектеріне назар аударылды.

«Моңғолдың құпия шежіресі» түркі-моңғол тайпаларының ортағасырлық тарихын, тілін, әдебиетін және рухани мәдениетін салыстырмалы түрде зерделеуде аса құнды жазба тарихи дерек көзі болып табылады. Аталған деректе қазақ халқының этногенезіне, арғы тегіне және тайпалық құрамына қатысты маңызды мәліметтер қамтылған.

Тақырыпты талдау барысында орта ғасыр кезеңінен бастап «Құпия шежіреге» қатысты Орталық Азия халықтарына кеңінен мәлім болған тарихнамалық және әдеби еңбектерде, сондай-ақ ауызша тарихнамада сақталған деректер анықталып, жүйеленді. Зерттеудің әдістемелік негізін «Моңғолдың құпия шежіресі» жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми тұжырымдары мен зерттеу нәтижелерін салыстырмалы талдау құрады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бейсембекова, Г. і Алпысбес, М. 2026. «МОҢҒОЛДЫҢ ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІ» - ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 89 (Чер 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2026.89.2.024.