Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Құпиялылық шарттары

            Редактор мен редакция алқасының мүшелері рецензент, редакция мүшелері, баспа қызметкерлері болып табылмайтын үшінші тұлғаларға баспаға қабылданған қолжазбалар туралы ақпаратты жарияламауы керек. Қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша рұқсатынсыз жеке зерттеу мақсатында пайдалануға болмайды. Шолу кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия болып қалуы керек және жеке мүдде үшін пайдаланылмауы керек. Егер мүдделер қақтығысы болса, редакторлар бас тартуға, редакциядан көмек сұрауға және мақаланы жариялау туралы шешім қабылдауға қатыспауға міндетті.

Авторлар туралы ақпараттық деректер – олардың есімдері, аффилиациясы, байланыс мәліметтері, атқаратын лауазымы мен академиялық дәрежесі туралы мәліметтер, сондай-ақ халықаралық дерекқорлардағы авторлар профилінің сәйкестендіргіш нөміріне сілтемелер «авторлар туралы мәлімет» деген бөлімде орналастырылады.

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнің Хабаршы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы» журналының редакциялық алқасының мүшелері тағайындалған рецензенттерден басқа үшінші тұлғаларға жарияланғанға дейін қарау үшін қабылданған қолжазба туралы ақпаратты ашпайды. сондай-ақ редакция авторларға және басқа тұлғаларға рецензенттер туралы мәліметті ашпайды.

Жариялау процесіне қатысушылардың осы және өзге де мінез-құлық нормалары, атап айтқанда авторлардың, редакциялық алқа мүшелерінің, баспагерлер мен рецензенттердің мінез-құлық қағидаттары, нормалары мен стандарттары ғылыми этика нормаларына  негізделген.