Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Ташкент қыздар гимназиясының құрылу тарихынан (1876-1917)

Жарияланған March 2023

82

59

Аңдатпа

 Мақалада Түркістан генерал-губернаторлығы оқу басқармасына бағынышты Ташкент қыздар гимназиясының тарихы қарастырылған. Оқу орны алғаш прогимназия, кейін гимназия дәрежесін алды және Халық Ағарту министрлігіне бағынды. Жұмыста қыздар гимназиясына қатысты қабылданған 1870, 1880 жылғы Ереже баптары талданады және Ташкент гимназиясына қатысты баптардың ерекшеліктері көрсетілген. Гимназияда оқытылған міндетті және міндетті емес пәндер, оқуға қабылдану талаптары, қабылданған қыздардың ұлттық, діни, әлеуметтік құрамы  айқындалған. Қыздар гимназиясының оқу тәрбие жұмысында діни, адамгершілік тәрбиесі басты ұстаным болғандығы талданады.

Ташкент қыздар гимназиясына бөлінген қаражат көздері, оқу ақысы, Түркістан генерал-губернаторының, әр түрлі қоғамдар мен жеке тұлғалардың қыздардың білім алуына жасаған қайырымдылық әрекеттері, гимназияның материалдық әлеуеті,  ішкі тәртібі, оқу үрдісі, педагогикалық курстар мен ата-аналар комитетінің қызметіне қатысты мәселелер де көрсетілген. Автор Ташкент қыздар гимназиясындағы білім алушылар қатарында орыс қыздарының, православ дініндегілердің басым болғандығын анықтаған.

PDF (Русский)