Түркия мен Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың өз дамуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерінің болуына қарамастан дамыған мемлекет құру идеясы біріктірді. Бұл қозғалыстарды өз отанына құрмет сезімін сақтауға, адам құқықтарының сақталуы, мәдениеттің дамуына еркіндікті қамтамасыз етуге, аграрлық мәселені шешуге, әлемдік аренаға шығуға, Еуропа және Азия елдерімен экономикалық ынтымақтастық орнатуға ұмтылған қозғалыс деп бағалауға болады. Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы аймақтық көлеммен шектелмей сипаты, мазмұны және ықпал-әсері бойынша халықаралық құбылысқа айналды. Өйткені, оның идеялық және ұйымдық қалыптасуына шет елдердегі ұлт-азаттық қозғалыстардың тікелей де жанама да ықпалы болғандығы тарихи деректер айғақтап отыр. Тікелей ықпал еткен факторлардың қатарында жастүріктер қозғалысының ықпал-әсерін бөліп айтуға болады. Тарихнамалық талдаулар мен деректік, дәйектік айғақтар осындай тұжырым жасауға мүмкіндік береді.Түркия мен Түркістанның саяси-мәдени байланыстары ХХ ғ. бас кезінде түркілік бірлік идеясын саясат сахнасына шығарды. XX ғ. басындағы Түркия мен Түркістан байланыстарының бейресми емес жолдармен дамуы осы қатынастар дамуына өз әсерін тигізді. Түркияда білім алған, онда түрлі мақсаттармен барған Түркістандық зиялылардың байланыстары жәдитшілік, мұсылмандық және түрікшілдік идеялардың дамуына негіз қалады.
XX ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖАСТҮРІКТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ: Всеобщая история
Жарияланған March 2023
66
63
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Базарбаев, К. 2023. XX ҒАСЫРДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖАСТҮРІКТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ТАРИХЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ: Всеобщая история. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 4, 75 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/4212.2022.52.79.003.