Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

АЛТЫН ОРДА МҰРАСЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҰЛТТЫҚ НЕГІЗІ

Жарияланған September 2022

149

153

Аңдатпа

Мақала Алтын Орданың мұрагері кім деген өзекті мәселені талдауға арналған. Авторлар осы бір күрделі сұраққа жауап іздеу үшін тек тарихи деректер ғана емес, тілдік және әдеби деректерге де жүгінуіміз шарт дейді. Тарихтың ұзын жолында бабаларымыздың ізі ең әуелі тілдің бойынан көрінеді дей келіп, ұлттың тарихы тілінде сақталады деген тұжырымды ұсынады. Алтын Орда дәуіріндегі жазба мұралар бүгінгі қазақ тіліне тікелей қатысты екендігі талданған. Байырғы қыпшақтардың, Алтын Орданың мұрагері қазақ жұрты деген пікір толық дәлелденген. XV-XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен феодалдық қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. XVII ғасырда казақ халқы сандық және сапалық өсу жолында тұрды, ол жалпыұлттық сананың қалыптасуына ұласты, ал бұл рухани-интеллектуалдық дәрежеде жүретін жинақы көрініс, мемлекеттік құрылымның бой көтеруі болатын.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
М.Б, С. і С.Б., Д. 2022. АЛТЫН ОРДА МҰРАСЫНЫҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҰЛТТЫҚ НЕГІЗІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.13.