Мақалада ХХІ ғасырдың басындағы қалалық қазақ халқының туу деңгейінің процестерін зерттеу мысалында авторлар әртүрлі әдістер мен құралдардың – Пирсон корреляция коэффициентінің, кластерлеу әдісінің өзара байланысты белгілер жиынтығы және экстремумды мәндер арасындағы амплитуданы талдау әдістерінің зерттеу мүмкіндіктерін көрсетеді. Осы құралдарды қолдану және алынған нәтижелерді логикалық сәйкестендіру нәтижесінде бірқатар қорытындылар жасалды. Қазақ халқының үлесі мен республиканың қалаларындағы жалпы туу көрсеткішінің мәні арасында тұрақты корреляция анықталды. Қазақстан аймақтарында өсу тенденциясы бар репродуктивті процестердің статистикалық жоғары поляризациясы тіркелді. Қала халқының этникалық құрамы мен бала туудың жалпы коэффициентінің көрсеткіштері арасындағы дәлелденген байланыс негізінде республика аймақтары аумақталып, екі демографиялық көрсеткіш бойынша төрт кластерлік классификация жасалды. Бұл, бір жағынан, Қазақстанның біртұтас демографиялық жүйесіне жүйелі көзқарасты сақтауға, екінші жағынан, оның ішкі теңгерімсіздігін ашуға мүмкіндік берді. Экстремумдық әдісті қолдану арқылы жаңа демографиялық тенденция анықталды: туу көрсеткішінің аймақтық айырмашылығының артуы (2009 жылы 2,64-тен 2019 жылы 2,71-ге дейін) республиканың әртүрлі аймақтарындағы қалалық қазақ халқының үлес салмағының біртіндеп теңестірілуіне қарамастан (аймақтық ауытқулар амплитудасы 2009 жылы 76,1%-дан 2019 жылы 64,1%-ға дейін төмендеді). Репродуктивті трендтер поляризациясы мен репродуктивті сценарийлерді таңдау этникалық ерекшелікпен ғана емес, елдің әртүрлі аймақтарындағы этникалық бірегейлікке салынған құндылықтар мәнімен анықталады деген қорытынды жасалды.
ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТУУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ПОЛЯРИЗАЦИЯ: ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ, ТРЕНДТЕР
Жарияланған September 2022
158
104
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Kazakhstan, fertility, demographic processes, reproductive behavior, clusters, polarization.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Э.О., С., Ж.С., А. і Т.Е., Ө. 2022. ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТУУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ПОЛЯРИЗАЦИЯ: ЗЕРТТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ, ТРЕНДТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.15.