Зерттеу жұмысының мақсаты – Ұлы Отан соғысында асқан ерлігімен даңқы бүкіл әлемге аңыз болған гвардия полковнигі, Кеңес Одағының батыры, әскери тақырыптағы жазушы Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен қоршаған ортасының шығармашылық қызметіне ықпалын талқылауға арналған. Батырдың шығармашылық дүниесінің негізгі мәні мен мазмұны заманхаттан тұратындығына көз жеткіземіз. Яғни, өзінің бастан кешкен оқиғалары мен естеліктерінің шығармашылық құндылыққа айналғандығы мәлім.
Зерттеу жұмысының міндеттерінің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырдың азаматтық ұстанымын айқындайтын мәліметтерді жинақтау және оларды сыныптаумен айқындалады. Ұлы жазушының шығармашылық бағыты соғыстың тарихи бейнесі мен қасіретін оқырманға шынайы жеткізуге мақсатталғандығын осы мәліметтердің көмегімен саралауға қол жеткізе аламыз.
Зерттеу жұмысының өзектілігі автордың өскен ортасы мен тұлғалық қалыптасу сәттерінің әскери оқиғалардың желісінде өрбігендігімен маңызды. Шығармашылық туындалары дүние тарихындағы шектен тыс қатал әрі күрделі құбылыстың жүру барысында қалыптасты. Батырдың қарапайым өмірдегі әрекеттері мен көзқарастары әскери тәртіп пен адалдықтың ұстанымдарымен үйлесіп жатты.
Зерттеудің нәтижес ретінде Бауыржан Момышұлының тұлға болып қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар тұрғысында мәліметтер сарапталып, тарихи тұлғасына ғылыми баға берілді.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ МЕН ӨМІР ЖОЛЫ: ТАРИХИ ТАЛДАУ
Жарияланған September 2022
236
164
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Б.Қ., И., Б.А., А. і А.М., Н. 2022. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСКЕН ОРТАСЫ МЕН ӨМІР ЖОЛЫ: ТАРИХИ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 73, 1 (Вер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5461.25.