Қазақтар ең көп орналасқан Орта Азиядағы елдің бірі – Өзбекстан Республикасы. Өйткені, статистикалық деректер бұл елде 1,5 миллионға жуық қандастарымыз тұратындығын айғақтап отыр. Мақалада көршілес Өзбекстандағы қазақ диаспорасының талайлы тағдыры, кешегісі мен бүгінгісі, «Нұрлы көш» бағдарламасының маңыздылығын арттыру жолдары сараланып, отандастарды атажұртқа тарту үдерісінің ұлттық сананы жаңғыртудағы рөлі мейлінше талдап-тарзыланады.
Қазақтың байтақ даласы қашанда көшпелілік салттың өзіндік ерекшеліктермен сабақтасып жатты. Өйткені, халқымыз төрт түлікті кие тұтып, өзінің ата кәсібіндей көріп, мал соңында көшіп-қонып жүрді. Тіршілігінің негізгі көзі, алынған басты өнімдерінің дені төрт-түлікке байланысты болды.
«Рухани жаңғырудың» басты ұстын-тірегі, «Мәңгілік Ел» идеясының негізі мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру десек, авторлар назарынан Өзбекстан еліндегі қазақ тілі мәселесі, мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің сақталуын да назардан тыс қалдырмаған.