Мақалада алыс-жақын шет елдердегі қазақ диаспорасының дәстүрлі музыкасының, ұлттық өнерінің сақталу деңгейі, дамуы мен дағдарысқа түсуі, атажұрттан алыстағы қандастардың ұлттық рухын сақтау жолдары сараланып, дәстүрлі өнеріміздің келешегі мейлінше зерттеп-зерделеніледі. Шынтуайтында еліміз өзінің тәуелсіздігін нығайта түсумен қатар, алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасына ерекше көңіл бөле бастады. Кезінде қазақ жерінен әр түрлі себептермен басқа аумақтарға ауа көшкен қандастарымыздың тарихы қай-қайсысымызды да ойландырмай қоймайды. Өйткені, олар сол бөтен елде жүріп-ақ өзінің ұлттық болмысын, тарихи жадын, негізгі құндылықтарын, әсіресе ұлттық музыкасын сақтап қалуға күшін сарқа жұмсап келеді.
Әсіресе авторлар көршілес Өзбекстан мен Қырғызстандағы, Түрікменстандағы отандастардың рухани әлеуетіне баса мән бере отырып, Қытай мен Моңғолия, Иран қазақтарының дәстүрлі музыкасын да назардан тыс қалдырмауға тырысады.