Мақалада ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық үрдістер туралы айтылады. 1920 - 1930 жылдардағы ашаршылық салдарларын талдауға, халық санының апатты қысқаруына және басты демографиялық көрсеткіштердің күрт нашарлауына әкеп соқтырған- туу мен өлім-жітімнің халықтың депопуляциясына әкеп соққан Ұлы Отан соғысының салдарларына ерекше назар аударылған. Атаулы демографиялық тарихтың уақытын екі кезеңге бөлуге болады: бірінші (ХХ ғ.20-40 жж.) дағдарыс кезеңі және екінші кезең (ХХ ғ. 50-80 жж.) демографиялық қалпына келтіру кезеңі ретінде, 1920-1940-жылдардың шығындарын айтарлықтай мөлшерде өтейтін кезең ретінде белгіленген. Мақалада бірінші кезеңнің теріс нәтижелерін анықтаған оқиғалар - 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың демографиялық салдары, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық, Ұлы Отан соғысы кезіндегі шығындар туралы айтылады. Мәселе көбіне (бірінші кезекте 1920 және 1930-шы жж. демографиялық ашаршылық салдары) қазақ этникалық тобының мысалында келтірілген, өйткені белсенді көші-қон қозғалыстарының салдарынан республикада ұлты қазақ емес халықтың азаюнын анықтауда қиынындау.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-80 жж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Жарияланған May 2021
116
70
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Aubakirova, Z. 2021. ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-80 жж. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 66 (Трав 2021).