Мақалада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қоры негізінде Орталық Азия түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты коллекциялардың жинақтау мәселелері қарастырылады және сол жинақталған коллекциялардың құрамы сипатталады. Себебі, ерекше екшеп айтар болсақ, отандық музейлердегі этнографиялық коллекцияның қорын үнемі толықтырып отыру мәселесі өзекті ғылыми әрі ғылыми-практикалық мәселе болып табылады. Ұлттық мәдениетті насихаттау мен оны сақтау мәселесінде этнографиялық коллекциялардың алар орны айрықша. Әсіресе, дәстүрлі мәдениетке қатысты тұрмыстық және шаруашылық бұйымдары қолданыс аясынан шығып кеткен жағдайда этнографиялық коллекциялардың маңызы арта түседі. Сондай-ақ, этнографиялық коллекциялар ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін үлкен маңызды дереккөз ретінде қолданылады. Қарастырылып отырған мақалада этнографиялық коллекциялардың қалыптасу ерекшеліктері мен факторларына басты назар аударылған. Сонымен қатар, автор жоғарыда көрсетілген халықтардың этносаралық өзара қарым-қатынас аясында пайда болған дәстүрлі-тұрмыстық қолданыстағы заттардың ұқсастықтар мен айырмашылықтарға ерекше назар аударады. Музейдің этнографиялық коллекциялары халықтардың дәстүрлі-тұрмыстық мәдениетінің әртүрлі аспектілерін көрсетеді. Аталмыш коллекциялардың жинақтау жұмыстары арнайы тақырыптарды зерттеу үшін ұйымдастырылған этнографиялық экспедициялар мен тұлғалардың сыйға тартуы және сатып алу негізінде жүзеге асырылып отырғандығы анықталды. Сондай-ақ, коллекциялардың толығуына жергілікті әкімшіліктің мемлекеттік қызметкерлерді ынтымақтастыққа тарту сияқты факторлар да айтарлықтай әсерін тигізген.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Жарияланған April 2022
227
157
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
коллекция, қор, орталық музей, этнографиялық коллекция, түркі халықтары, тарих, мәдениет.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ермекбаева, А. 2022. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙІ ҚОРЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КОЛЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.14.