Мақалада Ш. Уәлихановтың ғылыми көкжиегінің кеңдігі, сан-салалы білімі, жемісті ой-тұжырымдары бізге жеткен еңбектері арқылы зерделеніп қарастырылады. Бүгінгі зерттеушілерді Ш.Уәлихановтың еңбектеріндегі деректік материалдардың молынан қамтылуы, қаралатын мәселелер аясының кеңдігі, көптеген шешімдердің негізділігі мен дерек көздерінің біркелкілігі қызықтырады. Сонымен қатар түркі халықтарының шығу тегі, тіл туыстығы, тарихи тағдырларының ортақтығы сынды маңызды мәселелермен қатар ғалымның Орталық Азиядағы түркі әлемінің бірлігі идеясын өзі жазған зерттеулерінен көре аламыз. Ш.Уәлихановтың еңбектерінен оның өзінің түркілік рухын өзгертпей ұстанғанын байқаймыз, сондай-ақ, түркі халықтарының белді өкілі ретінде қазақтың халықтық дәстүрлері мен аңыз-әңгімелерін, ең қасіретті кезеңдерін кең көлемде және терең зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектер екендігіне көз жеткіземіз.
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Жарияланған June 2021
75
62
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Шығыс Түркістан, этнография, энциклопедия, демократ, фольклоршы.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Козыбакова , Ф. і Джолдыбаева , У. 2021. ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).