Мақалада 1913-1918 жылдар аралығында Орынбор қаласында шыққан «Қазақ» газетінен алынған тарихи деректер қарастырылған. «Алаш» өкіметінің басшысы Әлихан Бөкейхановтың мақалалары негізінде қазіргі зерттеулер үшін аса құнды деректер ұсынылған, сонымен қатар Әлихан Бөкейхановтың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында «Дала уәлаяті», «Степной край», «Степной пионер», «Омичъ», «Иртыщ», «Голосъ степеи» «Семеипалатинские областтные ведомости», «Семипалатински листокъ», «Туркестанские ведомости», «Айқап», «Речь», «Сынъ отечества», «Наша жизнь», «Слово», «Восточное обозрение», «Въ мире мусулманства» басылымдарында жарық көрген мақалалары Алаш өкіметінің тарихы туралы құнды материалдар болып табылады.
Автор мақалада қазіргі зерттеулер мен тарихи деректерге сүйене отырып Қазақ газетінде жарық көрген материалдардың тарихи құндылығын және ұлттық сана мен идеологияны қалыптастырудағы «Қазақ» газеті басылымының және Әлихан Бөкейхановтың қызметін жан-жақты талдаған.
«АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨСЕМІ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ
Жарияланған June 2021
516
168
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
«Қазақ» газеті, Алихан Бөкейханов, Алаш, ұлт зиялылары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мекебаев , Т. і Кумганбаев , Ж. 2021. «АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КӨСЕМІ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).