1960 жылы 9 мамырда Қарағанды металлургия зауытында Н.Назарбаевтың еңбек жолы басталды. Мұнда ол "Казметаллургстрой" трестінің "Доменстрой" басқармасының жұмысшысы, Қарағанды Металлургиялық комбинатының домна цехының горновойынан Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысына дейінгі жақсы еңбек мектебінен өтті. Басым көпшілігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырылған, 1960-шы жж. мерзімді баспасөз материалдарына сүйене отырып, авторлар оқиғалар хронологиясын нақты түрде қайта құрастыра алды. Сонымен қатар авторлар Н. Назарбаев туралы мағлұматтарды жариялаған кеңестік мерзімді басылымдардағы мақалалар мен жазбалардың түпнұсқалық мәтіндерін келтіреді. Кеңестік мерзімді басылымдардың мақалаларын талдау авторларға 1960-шы жылдары горновой Н. Назарбаевтың өзін жауапкершілігі зор белсенді және өз ісінің шебері ретінде көрсете білгендігі туралы, қызметтестердің құрметіне ие болып, оның пікірі мұқият тыңдалып, маңызды болды деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұған кеңес газеттерінің беттерінде жарияланған мақалалар дәлел бола алады.
Тіл
English
Кілтті сөздер
Комсомол, Қазақстан Республикасы, Тұңғыш Президент, тарих, еңбек қызметі, коммунист, Қазақстан Магнитка
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Yedgina , G., Zhumashev, R., Tulegenova , A., Shapagatova , D. і Muratova , M. 2021. Н.А. НАЗАРБАЕВТЫҢ 1960-1969 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕҢБЕК ЖОЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).