Мақалада Шығыс Қазақстанның демографиялық жүйесі талқыланып, талданды. Зерттеу барысында статистикалық мәліметтер, 1959 және 1989 жылдар аралығындағы бүкілхалықтық санақ нәтижелері қолданылды. Халық санының динамикасы, халықтың орналасу ерекшелігі: қала және ауыл халқы, ұлттық және жас-жыныстық құрамы негізге алынып салыстырмалық талдаулар жасалды. Қазақстанның Шығыс өңірі ұлттық құрамының айқын ерекшелігі: аймақта қазақ және орыс ұлттарының басымдылықта болуында. 1950-1960 жылдардағы қазақтардың «демографиялық жарылыс» кезеңі осы өңірде аталған этностың табиғи өсімнің ұлғаюына әкеліп, шын мәнінде ХХ ғасырдың 50-80-жылдарында орын алған өзгерістердің триггеріне айналды. Орыс этносы санының азаюы табиғи кетудің және механикалық азаюдың нәтижесінде болды. Осы жылдар Шығыс Қазақстан облысының қазіргі демографиялық жағдайын қалыптастыруда маңызды кезең болды.
1950-1980 ЖЫЛДАРЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Жарияланған April 2022
252
147
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Махметова, Н. і Аубакирова, Ж. 2022. 1950-1980 ЖЫЛДАРЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.26.