Мақала, ХVII – ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихы бойынша картографиялық материалдардың жиынтық каталогын шолуға және дайындаудың проблемалық мәселелеріне арналған. Жиынтық каталогтарды құрудың барлық маңыздылығы мен келешегіне қарамастан, қазіргі уақытта картографиялық зерттеулерді дамытудың бағыты бойынша жалпылама әдістемелік шешімдер жоқ және картографиялық материалдардың жиынтық каталогын жобалау бойынша барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен жоқ.
Картографиялық материалдардың жиынтық каталогы каталогтардың басқа түрлерінің ішінде құрылымы мен мазмұнының күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл, әрине, ұзақ мерзімді жобалауға және оны құрастырудағы әртүрлі проблемаларға соқтырады. Бұл жағдай зерттеуді ақпараттық технологиялар кезеңінде XVII – XX ғғ. басындағы картографиялық материалдардың жиынтық каталогына «ескі» карталарды тиімді өңдеуге және дайындауға мүмкіндік беретін, жиынтық каталогты зерттеудің пәнаралық әдіснамасын жасауға бағыттады.
Мақалада негізгі жетістіктер, аралық зерттеу барысында Мәскеу және Орынбор қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында анықталған жоғары ғылыми және әлеуметтік маңызы бар 282 картографиялық көздерден тұратын жиынтық каталогты дайындаудағы әдіснамалық мәселелерді шешу жолдары көрсетілген.
«Ескі» карталардың әзірленген жиынтық каталогының функционалды мүмкіндіктері негізделген. Картографиялық материалдардың жиынтық каталогын өзіндік «жолсілтеме» ретінде қарастыруға болады, оның көмегімен пайдаланушы келесі сұрақтарға жауап ала алады: архивтердің, кітапханалардың және музейдің қайсысында пайдаланушыға қажетті картографиялық материал бар; әкімшілік – аумақтық бөліністің динамикадағы өзгерісі және т.б.