Аңдатта
Осы зерттеу Орынбор өлкесіне қатыысты Орал, Торғай облыстарындағы 1869 жылғы көтеріліс мәселелері бойынша жергілікті билік құрылымдары мен ұлттық элиталардың өзара іс-қимылы тұрғысынан сұлтандардың қызметін зерделеуге арналған. Мақалада зерттелетін басты мәселе-қазақ сұлтандары Т.Сейдалин мен Ш. Бөкеевтің осы наразылық қозғалыстары кезіндегі іс-қимыл әрекеттері. Кең эмпирикалық материалда қазақ қоғамындағы сұлтандар арасындағы қарама-қайшылықтар қарастырылды: осы кезеңде екі түрлі топ қалыптасты: олардың бірі – прогресс жолында қоғамның дамуы үшін жаңғырту қажеттілігін жақтаушылар (мұнда ресейлік билік жүйесі арқылы), басқалары – ресейлік енгізулерге қарсы болған топ өкілдері барлық "жаңалықтарды" дәстүрлі қазақ қоғамы мен ұлттық бірегейлікке қауіп ретінде қарастырады.
Төменде келтірілген фактілер ХІХ ғасырдағы қазақ сұлтандарынан шыққан шенеуніктердің тарихын толықтырады, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы азаттық қозғалысының сабақтастығын көрсетеді. «Билік антропологиясы» призмасы арқылы ағартушылардың алғашқы қазақ сұлтандарының қызметі талданды. Мақалада автор жаңа империялық тарихтың постколониалды өткенді зерттеудегі мүмкіндіктерін көрсетті, бұл посткеңестік зерттеушілердің постколониалды көзқарасына назар аударады.