Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ИБН ХАЛДУН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАУХИДТЫҚ КӨЗҚАРАС

Жарияланған April 2022

126

97

КазНПУ им Абая
Аңдатпа

Бұл мақалада С.М. Бациеваның «Историко-социологический трактат Ибн Халдуна «Мукаддима»» атты монографиясының негізгі ұстанымын сыни көзқараста талдай келе, ортағасырлық ірі ғалымдар Әл-Фараби мен Ибн Халдун еңбектеріндегі мемлекеттілік пен әділеттілік мәселесі таухидтық  тұрғыдан қарастырылады.  Осы ортағасырлық ғалымдардың мемлекет пен әділеттілік туралы ой-толғамдары мен тұжырымдары жүйесінің түп-негізгі мен қайнар көзі өз бастауын қайдан алатындығына үңіліп, оған ғылыми баға беруге тырысады. Бүгінгі таңда Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы» трактаты мен Ибн Халдунның «Мұхаддімаһ» атты  еңбегіндегі «Идеалды қоғам құру» концепциясын тек саяси-әлеуметтік тұрғыдан ғана қарастыру – осы тұжырым аясын тарылтып, ондағы кейбір мәселелерді дұрыс түсіну мен қабылдауға кедергі келтіретіндіктен таухидтық-теологиялық көзқарастың да қалыптасуына түрткі болып отыр. Өйткені, күллі әлемге Ислам ғалымдары атпен танымал аталмыш әмбебап ғалымдардың ой-пікірлерін  тек қазіргі кездегі саясаттану мен әлеуметтану, тарих пен философия секілді ғылымдар шеңберінде шектеп қою үлкен қателікке жол ашады, өйткені олардың ой-тұжырымдары өз бастауын Құраннан алып, Таухидке тірейді. Сондықтан олардың еңбегі таухидтық көзқарасқа сүйене отырып, заманауи теориялар аясында діни-теологиялық тұрғыдан жаңаша талдануы тиіс. 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Aliyev, M. і Сүтеева, Х. 2022. ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ИБН ХАЛДУН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІЛІК ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІК МӘСЕЛЕСІНЕ ТАУХИДТЫҚ КӨЗҚАРАС. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 72 (Квіт 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.25.