Искандердің Аноним (Натанзи) шығармасының шынайылығы туралы мәселе терең тарихнамаға ие. Зерттеушілердің көпшілігі Аноним хабарламасының хронологиясы мен шежіресінің шатасу мезеттерін, сондай-ақ Ақ Орда мен Көк Орданы және Алтын Орданың түменбасы Ноғайдың ұрпақтарымен шатастыру сияқты басқа да қателіктерінің шығу себебін білмей, зерттемей сенімді қабылдады. Зерттеушілердің аз бөлігі Натанзидің басқа да даулы мәселелеріне назар аудармай, Орданың орыс ханынан шыққан Натанзидің шығу тегі туралы хабарламалардың шынайылығына күмән келтірді. Шәмілоғлы және Гаев А.Г. Натанзи мәліметтерін толық сенімсіз дерек ретінде батыл бағасын береді. Натанзи мәліметінің дұрыстығы туралы мәселе терең теорияға ие.
«Искандердің Аноним» шығармасы хижраның 816 жылы(1413-14 жылдары) жазылған және ол Тимурид Искандаруға арналды. Қазіргі уақытта осы қолжазбаның бес нұсқасы белгілі. Осы дереккөзді зерттей отырып, Натанзи мәліметтерінің шынайылығы туралы пікірталаста 1313 -1370 жылдар аралығында Жошы Ұлысының тарихы бойынша Натанзидің деректерінің нақтылығы әлсіз екендігін жақтаушылардың неғұрлым дұрыс пікірде болғанын айта аламыз.
1313-1370 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ШЫҒЫС БӨЛІГІНДЕГІ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ НАТАНЗИДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІ: «НАҚТЫЛЫҚТЫҢ СЫНЫ»
Жарияланған June 2021
65
64
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Натанзи, Жошы ұлысы, Орыс хан, Ноғай, Орда Ежен.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сабитов , Ж. 2021. 1313-1370 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ШЫҒЫС БӨЛІГІНДЕГІ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ НАТАНЗИДІҢ МӘЛІМЕТТЕРІ: «НАҚТЫЛЫҚТЫҢ СЫНЫ». Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).