Аңдатпа
Білім беруде жаңа инновациялық технологияларды қолданылу-заман талабы. Әр мұғалім өз сабағын түрлендіріп өткізгісі келеді. Себебі қазіргі инновациялық технологияларды өз дәрежесінде пайдалану – білім сапасын арттырудың кепілі. Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытуды қолдану арқылы білім алушының қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сондықтанда күнделікті сабақта оқытудың тиімді әдістерін қолдану үшін оқытушыға үнемі ізденіс керек. Осы мақсатта біз өзіндік білім көтеру үшін түрлі әдістемелік құралдарға сүйенеміз.
Білім берудің инновациялық формалары жоғары коммуникативті қабілеттермен және оқушыларды оқу іс-әрекетіне белсене араласуға, сөйлеу және тыңдау дағдыларын тиімді меңгеруге мүмкіндік жасайды. Түркі әлемінің мәдени мұрасын инновациялық технологияларды қолдана отырып, меңгерудің ұтымды тұстарын көрсету. Тәуелсіз елдің болашағы білім беру жүйесіне байланысты. Осыған байланысты педагог мамандар оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін салыстыра қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп, өздерінің сабақтарында қолданады.
Оқушы мен компьютер арасындағы оқытуды интерактивті деп атайды. Мұндай қарым-қатынас оқушылардың қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету.
Кілт сөздер: мәдени мұра, түркілер, инновация, технология, тарих, тәуелсіздік, әдістеме.