Бұл мақалада автор ХІХ ғ. екінші жартысынан революцияға дейінгі белгілі ресейлік зерттеушілер А.К. Гейнс, Я.В. Ханыков, Потто және А.И. Макшеевтердің еңбектеріндегі қазақтардың сол кезеңдегі тарихи бейнесі, дәстүрлі өмір салты, тұрмыс пен мәдениет, шаруашылық және еңбек қызметі, тамақ, көшпелі салт – дәстүрі, үй тұрмысының заттары жөніндегі еңбектеріне талдау жасады.
Революцияға дейінгі ресейлік зерттеушілердің еңбектеріндегі кейбір қателіктер мен олқылықтарға, жүйесіздіктерге қарамастан көшпенділердің қоғамдық, мәдени және рухани өміріне қатысты танымдық ақпараттар беретіндігі зерттелген.
Қоғамдық өмірдің бүгінгі кезеңінде олардың еңбектеріндегі теориялық жинақтауларды заманауи жаңа тұжырымдамалық тәсілдер мен әдістер тұрғысынан терең қайта ойлауды қажет етеді. Бірақ, келеңсіздіктерге қарамастан, отарлық кезең авторларының материалдарында қазақтардың өмірінің барлық жақтарына қатысты бірқатар құнды және қызықты мәліметтер бар
А.К. ГЕЙНС, Я.В. ХАНЫКОВА, В.ПОТТО ЖӘНЕ А.И. МАКШЕЕВАЛАРДЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЗБАЛАРЫНАН (ТҮРКІСТАН ЖИНАҒЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
Жарияланған June 2021
35
39
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Мусаева , С. 2021. А.К. ГЕЙНС, Я.В. ХАНЫКОВА, В.ПОТТО ЖӘНЕ А.И. МАКШЕЕВАЛАРДЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖАЗБАЛАРЫНАН (ТҮРКІСТАН ЖИНАҒЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).