Мақалада Қазақстандық бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәлім-тәрбие беру үдерісінде қазіргі заманғы электронды ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдаланудың орны туралы сөз қозғалған. АҚТ-ны пайдалануды заман ыңғайына қарай оңтайлы дамыту – XXI ғасырда кез келген мемлекеттің дамуында аса маңызды орын алады. Ғылыми-технология мен ақпараттық-қатынас, электрон-ды құрал-жабдықтар орасан зор қарқынмен дамыған қазіргі заманда әлемдік озық технологияларды өзінің экономикалық өсіп-өркендеуіне, қоғамдық-әлеуметтік жағдайының жақсаруына тиімді іске жарату кез келген мемлекеттің дамуында негізгі қозғаушы күш болып табылады.
Қазіргі заман – ғылым мен технологияның өркендеген кезеңі. Алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім беру жүйесінің әдіснамасы озық технологияларға, электронды құрылғыларға негізделген. Сол себептен олардың дайындаған мамандары мен кәсіп иелері заманауи білім технологияларымен қарула-нып, өз елінің дамып өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып жүр. Білікті маман-кадрларының арқасында сол елдер әлеуметтік-экономикалық зор табыстарға жетіп, әлемдік бәсекеде көш басында тұр.
Біздің ел де «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті дамыған алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену жолында өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырып жатыр. Бұл орайда білім беру үдерісін заманауи ақпараттық технологияға негіздеп құрудың, соның негізінде оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдірудің өзіндік рөлі зор.