Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ХОРАСАН АЙМАҒЫ ҮШІН СОҢҒЫ КҮРЕСІ: "КАНТАРАТ-У ЧАРХИЯН"(ЧАРХИЯН КӨПІРІ) ШАЙҚАСЫ

Жарияланған January 2022

251

университ им.Сулейман Демирель
Аңдатпа

Алғашқы түрік-ислам мемлекеті болған Қарахан мемлекетінің тарихы, орта ғасырлық қазақ елінің саяси және мәдени тарихының көп зерттелмей келе жатқан мәселелерінің бірі. Қарахан мемлекетінің сыртқы саясатының алғашқы кезеңі шығыстағы Кочо Ұйғыр идиқұттығы мен Хотан жерлеріне бағытталса, екінші кезеңі батыстағы көршісі Самани мемлекетінің әлсіреуіне байланысты Мәуераннахрға бағытталған болатын. Сыртқы саясатында қарахандықтар билік  үшін өзге түрік-мұсылман мемлекеттеріменде шайқасқа түсіп отырған. Осындай шайқастың бірі Қарахандар мен Ғазнауилер арасында болған Кантарат-у чархиян(Чархиян көпірі) шайқасы. Хорасан аймағының болашақ тағдырын айқындаған бұл тарихи шайқас, Белх мағайында 397/1007 жылы қарахан билеушісі Ілік хан Насыр ибн Әли мен ғазнауи билеушісі сұлтан Махмұт арасында болды. Бұл шайқастың тарихи маңызы әрі зерттелуінің алғы шарттарының бірі, Хорасан аймағында кімнің саяси үстемдігінің орнауын, сонымен қатар Қарахан мемлекетінің саяси әлсіреуінің себебін түсіну әрі саралау болып табылады. Тақырыпты зерттеу барысында отандық тарихшы-ғалымдардың еңбектерімен қатар, алғашқы түрк-ислам мемлекеттерінің тарихының зерттелуінде үлкен үлес қосып келе жатқан Түркия ғалымдарының да зерттеулерінен тың мәліметтерді пайдалануға тырыстық.

Зерттеу нәтижесі отандық тарих ғылымындағы «Қарахан мемлекетінің» тарихыны қатысты мәліметтерді толықтыра түседі деген ойдамыз.

Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
moldabayeva, dana 2022. ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ХОРАСАН АЙМАҒЫ ҮШІН СОҢҒЫ КҮРЕСІ: "КАНТАРАТ-У ЧАРХИЯН"(ЧАРХИЯН КӨПІРІ) ШАЙҚАСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 68, 4 (Січ 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5461.06.