Бұл мақала еліміздің тарихындағы өзіндік мәні бар индустрияландыру кезеңінде қалыптасқан моноқалалардың даму мүмкіндіктеріне арналды. Мұны біз Жамбыл облысында орналасқан, Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласы мысалында қарастырдық. Зерттеу барысында индустрияландыру кезеңінде қалыптасқан моноқалалардың тарихы, ол қалалардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелер, постиндустриялық қоғамның талаптары мен моноқалалардың тұрақты даму мүмкіндіктері талқыланды. Жаңатас қаласының мысалында табиғи-географиялық әлеуетіне талдау жасалып, геокеңістіктік артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Физикалық-географиялық жағдайы мен геоэкологиялық әлеуеті талданып, қаланың қазіргі инфрақұрылым жағдайы және әлеуметтік-экономикалық проблемалары белгілі болды. Қазақстанның көптеген шағын қалалары мен моноқалаларына ортақ күрделі әлеуметтік-экономикалық, қалалық жоспарлау, экологиялық бағыттағы проблемаларды жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені әзірленді. Қала дамуына тікелей әсер ететін факторлар тобы анықталып, Жаңатас қаласының тұрақты дамуының көп факторлы даму сценарийі ұсынылды. Әлеуметтік саланы модернизациялау, экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау), қоршаған ортаны тиімді пайдалану және табиғи қауіп-қатерлерді басқару бағытындағы бұл тұжырымдар, қаланың тұрақты даму мүмкіндіктеріне негіз болады.
ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ ПОСТИНДУСТРИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ (ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА)
Жарияланған October 2023
122
97
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Түйін сөздер: табиғи нысандар, топонимика, тарихи кезең, ландшафттар, Балқаш-Алакөл ойысы.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алиаскаров, Д. 2023. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН МОНОҚАЛАЛАРДЫҢ ПОСТИНДУСТРИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ (ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫ МЫСАЛЫНДА). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 78 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-6017.2023.78.3.013.