Аңдатпа. Мақалада ХХ ғасырдың 20-30 жылдары орын алған ұжымдастыру саясаты, оның ішінде қазақ қоғамында жүргізілген тәркілеу науқанының өңірлік көріністері қарастырылған. Атап айтқанда, автор тәркілеу науқанының Семей өңірінде жүзеге асырылу себептері мен салдарларын, көріністерін мұрағат құжаттары негізінде нақтылаған.
Науқан барысында мал-мүлкі тәркіленген әлеуметтік топ өкілдері мен қазақ қоғамына есімі белгілі тұлғалар мен әулеттердің тағдыры да зерттеуде көрініс тапқан. Әсіресе, Құнанбай әулетінің ұрпақтары мен Алаш қозғалысына ниеттес болған ауқатты топ өкілдерін күйрету арқылы қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайына ауыр соққы жасалды. Аталған саясаттың осы қырлары зерттеуде егжей-тегжейлі қамтылған.
Сондай-ақ тәркілеу механизмдері мен басшылыққа алынған қаулылардың қазақ ортасына әсері және оның нәтижелері деректік тұрғыда жүйеленген.