Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

САЙФ САРАЙИДЫҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Жарияланған September 2021

148

131

КазНПУ им.Абая
Аңдатпа

Мақалада Сайф Сарайидің «Гүлистан би-түрки» шығармасының, көркемдік, танымдық мәні талданған. Шығармада  адамзаттың өмірімен тығыз байланысты әдет-ғұрыптарымен қатар жүретіндігі қарастырылған. Алтын Орда тұсында жазылған Сайф Сарайидің әдеби мұрасында түркі халықтарының ғана емес, басқа да әр түрлі халықтардың әдет-ғұрыптарының адам өміріндегі маңыздылығы айтылған. Мақалада Сайф Сарайидің шығармасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани тәрбиені жалғастырушы құрал ретінде қызмет ететіндігі баяндалған. Автордың «Гүлистан би-түрки» мәдени құндылығы жағынан жастарға рухани тәрбие беруде өте маңызды шығарма. Онда адам бойындағы рухани мәдениеті, ақылы, жауапкершілігі арқылы жан-дүниені қабылдайтыны және адамның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететін факторлар қарастырылған. Ендеше, осы сезімдерден тұратын адам – өмірі мен оның барысы руханилық құбылыстар жиынтығы болса, бұл кеше, бүгін, ертең де өзінің жалғасын табатыны сөзсіз.

Мақалада, әлемдегі әр ұлт өкілі өзінің ұлттық коды, дүниетанымы, бойында қалыптасқан ұлттық санасы арқылы әлемдік өркениетті қабылдайтындығы және оны өз ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сәйкес, икемді етіп дамытуды көздейтіндігі сараланған. Түркі тілдес халықтарға ортақ әдеби шығармалар, оның ішінде қазақ халқының тілін түсінуде ортақ дерек көздерінің бар екендігі Сайф Сарайидің шығармаларын құнды етеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жуман, С. 2021. САЙФ САРАЙИДЫҢ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 70 (Вер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5461.15.