Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ОРЫС ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК САЯСАТЫНЫҢ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ

Жарияланған September 2021

270

146

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Аңдатпа

Мақалада авторлар ХІХ ғ. соңы және ХХ ғ. басындағы Дала өлкесіндегі орыс патшалығының миссионерлік саясатының сәтсіздікке ұшырауының әлеуметтік себептерін қарастырады. Дала өлкесіндегі миссионерлік саясаттың іс-шараларын айқындау, осы бағыттың әдіс-тәсілдерін анықтау және алынған нәтижелерді зерделеу мақсатында тарих ғылымында кең қолданысқа ие болған тарихи-генетикалық, тарихи салыстырмалық,  нақты-тарихи секілді методологиялық әдістерді қолдану арқылы жіті талдайды. Ресей империясының шенеуніктерінің миссионерлік саясатты бастауға негіз болған жалпыимпериялық саяси курс, әлеуметтік, этникалық және т.б. секілді факторлер анықталады. Епархиялар басшыларының есептері сынды империялық құжаттарды пайдалану арқылы империяның конфессиялық саясатын үкімет тарапынан қаншалықты деңгейде қолдау тапқаны зерделенеді. Сондай-ақ, жоғары билік пен зиялы қауымының қарастырылып отырған саясатқа қатысты ұстанымы қарастырылады. Кедейленген қазақтарды өзге дінді қабылдауға Қазақ Даласында аграрлық мәселенің ушығуы себеп болды, алайда миссионерлік саясат толық жүзеге аспады деген қорытынды жасалады. Неофиттердің жер телімдерімен қажетті деңгейде қамтамасыз етілмеуі және жаңа ортаға бейімделу барысында туындаған қиыншылықтарды шешу бойынша билік тарапынан атқарылған шаралардың деңгейі олардың арасында шоқынуға деген ынтасының төмендеуіне ықпал етті.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Әкімбек, Ж. 2021. ОРЫС ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МИССИОНЕРЛІК САЯСАТЫНЫҢ СӘТСІЗДІККЕ ҰШЫРАУЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 3, 70 (Вер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5461.04.