Мақалада Қазақстандағы кеңестік үлгідегі күштеп ұжымдастыруға қарсы өріс алған бұхара халық өкілдерінің бас көтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың соңындағы 80-жылдардан бастап қолға алына бастап, тәуелсіздік алған кезеңнен бастап кең өріс алған болатын. Советтік кезеңде антисоветтік, Кеңес үкіметі жауларының ұстанған әрекеттері антисоветтік бандитизм деп айдар тағылған халық көтерілістері, соның ішіндегі бірегейі болған Созақ көтерілісі өз бағасын тек тәуелсіздікке қол жеткізген жылдар ғана зерттелген соң ғана ала алған болатын.
Созақ көтерілісі жайында Мұрағат құжаттарындағы сақталған ресми құжаттармен қатар халық жадында сақталған деректік мәліметтерде мол. Тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, көзбен көрген адамдардың оңаша түндерде күбірлесіп, мұң шертіскен әңгімелерінің куәсі болған қария естеліктеріне тоқталынады. Мақалада кеңестік үлгідегі ауыл шаруашылығының күштеп ұжымдастырылуымен заңды түрде сотталған яғни жер аударылған қазақ шаруаларының тарихына қатысты зерттеушілер пікірлері мен тарихнамалық еңбектеріне сыни талдауларда жасаған. Атап айтқанда Созақ көтерілісі жайлы Талас Омарбековтен бөлек Мұхамеджан Рүстемов, Жақсылық Рсымбеков, Сүлеймен Тәбірізұлы, Дулат Тұрантегі, Жарылқасын Боранбаев, Өтеш Қырғызбаев секілді осы тақырыпқа қалам тартқан ғалымдар мен азаматтардың еңбектеріде қамтылған.
Сонымен қатар, Мақалада ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары орын алған саяси, әлеуметік және экономикалық даму процестеріне толық қанды жауап бере алатын қомақты зерттеу жұмыстарына талдаулар жасалынады.