Қазақстандағы цифрландыру процесінің өзінің қысқаша тарихы, жетістіктері мен нәтижелері бар, олар БҰҰ, Дүниежүзілік банк және басқа да халықаралық рейтингтік ұйымдар деңгейінде байқалады. Ең танымалы сұрағы ол- Қазақстандағы саяси саланы цифрландыру процесі, оны мүлде жаңа үрдіс пен үдеріс деп санауға болады. Бұл Орталық Азия аймағының басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанда алғаш рет көрініс тауып, талқылануда. Теориялық зерттеулер саяси саланы цифрландырудың «цифрлық демократия», «цифрлық бюрократия» және «цифрлық дипломатия» сияқты негізгі бағыттары бар екенін көрсетеді. Қазақстанның қазіргі үлгісі саяси саланы цифрландыру дамып, нығайып келе жатқанын көрсетеді. Бұл Интернет -технологиялардың дамуына, интернеттің қолжетімділігіне, халықтың саяси мәдениетінің өсуіне тікелей байланысты. Қазақстандағы саяси билік саяси саланы цифрландыру процесінің бірнеше бағыттарына назар аударады. Дегенімен, «цифрлық бюрократияны» немесе «цифрлық демократияны» қолдау нұсқаларының арасында нақты және біркелкі таңдау жасалынбаған. Қазақстандық шенеуніктердің, депутаттардың «БАҚ», «әлеуметтік желілері» туралы жаңа заңдарды талқылап, қабылдауға байланысты әрекеттеріндегі соңғы процестер мен тенденцияларды талдап түсіндіретіні - ол, әлеуметтік желілердің саясаттандыру процесін басқарудың әкімшілік, заңнамалық жолдары мен әдістері іздестіріліп жатқанын көрсетеді.
Features of digitalization of political processes in Kazakhstan
Жарияланған September 2021
624
397
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ishmukhamedov, S. 2021. Features of digitalization of political processes in Kazakhstan. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 69, 1 (Вер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5461.08.