Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

Ортағасырлардағы түркілердің соғдылықтармен мәдени - экономикалық байланысы (VI-VIII ғғ.)

Жарияланған July 2021

130

126

Логистика және көлік академиясы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Akylbek Sarsenbayev

Сарсенбаев А.Б. - тарих ғыл. канд., Логистика және көлік академиясының ассоц. профессоры,

1985-1987 жж: редактор, ҚазТАГ аға редакторы.

  1. 1987-1989 жж: «Арай - Заря» журналының редакторы, жауапты хатшысы.
  2. 1989-1992 жж: «Өркен - Көкжиек» газетінің редакторы
  3. 1997 жылдың қазан айынан бастап - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
  4. 1999 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
  5. 2001 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
  6. 2002 жылдан 2003 жылғы қарашаға дейін - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  7. 2003 жылғы желтоқсаннан бастап - «Ақ жол» Демократиялық партиясының тең төрағасы.
  8. 2004 жылдың шілдесінде ол Қазақстанның ақпарат министрі болып қайта тағайындалды.
  9. 2004 жылы қыркүйекте үкіметті парламенттік сайлауда бұрмалаушылық жасады деп айыптап, отставкаға кетті.
  10. «Ақ жол» бөлінгеннен кейін - «Нағыз Ақ жол» тіркелмеген партиясының ұйымдастырушысы және тең төрағасы.
Аңдатпа

Мақала ортағасырлар тарихына арналған. Ұлы Жібек жолы бойындағы әр кезеңде өмір сүрген әртүрлі көлемдегі мемлекттер - әлемдік өркениет тарихындағы үлкен жетістіктерге жеткен мемлекеттік құрылымдарға кіреді. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Атлант мұхитынан таспан елі астына дейін Еуропа мен Азияны басып өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы «тілдесуінің» басты құралы қызметін атқарды. Жолдың көп бөлігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.

Ұлы Жібек жолының пайда болған кезеңнен бастап, қазіргі Қазақ жері арқылы жүріп өткен сауда керуендері қалалық мәдениеттің дамуына үлкен әсер етті. Сол қалалар алғаш керуен-сарайдан, яғни демалыс орындарынан бастау алады деген бір көзқарастар болса, екінші бір көзқарастар қатарында, Түркі мемлекеттерінің тұсында Орталық Азиядан көшіп келіп, өзіндік қоныстарын тұрғызған халықтардың қоныс-тұрағы негізінде пайда болды деген түсінік қалыптасқан. Тарихи жолдың сауда барысындағы басты ақшалай-төлем бірлігі - жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны, кейіннен "Ұлы" сөзінің қосылуы, жолдың шексіз Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан болды. Сондықтан, осы мақалада "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енген осы сауда жүйесі бойындағы ірі қалалық мәдениеттер - қандай аралас мәдениеттер нәтижесінде болды деген сұраққа жауап ізделеді.

Қазақстанның соңғы кезде жаңа заман тарихына көбірек көңіл аударумен ортағасырлық, атап айтсақ ерте ортағасырлардағы қазақ тарихының кейбір мәселелері жайлы зерттеулер азайып кетті. Аталмыш мақалада сол олқылықтың орнын толтыру үшін авторлар ерте ортағасырлардағы Жетісу және оңтүстік Қазақстан жерінде өмір сүрген, сауда мен экономиканың басты орталықтары болған ірі қалалардың тарихына және зерттелу кезеңдеріне тоқтала отырып, сол қалаларда өмір сүрген соғдылық халықтардың түркілермен тікелей қатынасына тоқталып өткен. Мақала ортағасырларды зерттеуші магистрант және докторанттар үшін көптеген мәліметтер береді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Sarsenbayev, A. і Абдирайымова, А. 2021. Ортағасырлардағы түркілердің соғдылықтармен мәдени - экономикалық байланысы (VI-VIII ғғ.). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 67, 3 (Лип 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5461.17.