Мақалада 2020 жылдың мауысымында Алматы облысы, Ақсу ауданында «Археологическая экспедиция» ЖШС археологтары жүргізген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері берілген. Қазба жұмыстары Таусамалы атты обалы қорымының № 33 және 34 обаларында жүргізілген. Қорым Ақсу өзенінің бойында орналасқан және 80-нен астам обалардан тұрады. Қорымның планиграфиясы, оба үйінділерінің құрамы, жерлеу рәсімдері және қорымның солтүстігінде пазырық мәдениетіне жататын обаның табылуына байланысты (2019 жылғы апаттық қазба жұмыстары) Таусамалы қорымын кейінгі пазырық мәдениетіне жатқызамыз. Қорымның басқа обаларын зерттеу жұмыстарының барысында тас жәщіктерге жерленген (циста), бастарымен солтүстік-батыс бағытта жатқызылған жерлеу табылды. Обалардан алынған заттай материалдар ескерткішті б.з.д. І мың ж. аяғы деп тануға болады. Сол кездегі жерлеу рәсімдерінде тас немесе ағаштан жасалған жәщіктерді қолдану Жетісу өңірлерінде кездеседі. Мәселен б.з.д IV ғ-дан б.з. IV ғ. дейінгі ұқсас обалар сақ-үйсін уақытына жататын Қадырбай ІІІ, Қызыл-Еспе және т.б. кездеседі. Табылған жаңа обалар және олардың материалдары бұған дейін табылған материалдарды толтыра отырып, б.з.д. І мың ж. Саяно-Алтай мен Моңғолия көшпенділерімен байланысын көруге болады.
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Умарходжиев, А. 2021. ТАУСАМАЛЫ ОБАЛЫ ҚОРЫМЫНЫҢ № 33 И 34 ОБАЛАРЫН ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 69 (Лип 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-2.1728-5461.15.