Аңдатпа
Қазіргі кезде «гендер» мәселесін зерттеу қазақстандық ғылым үшін жас сала болып есептеледі. Бүгінгі күні қоғамдағы гендер түсінігі бойынша ер және әйелдің орны, олардың рөлімен осыған байланысты әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мақалада Шымкент қаласында орналасқан мәдени ескерткіштер, атап айтсақ қалады орнатылған мүсіндер, ескерткіштер, инстоляциялар, Түркістан облыстық өлкетану музейінің экспонаттары мен қойылымдары, Түркістан орталық мемлекеттік архивінің фото, кино деректеріндегі гендірлік образдардың ортақ бейнесі жинақталып қарастырылды. Аталмыш мәдени ескерткіштердің ғылыми әлеуетін көрсетуге әрекет жасалды. Сонымен қатар өңірдегі әйелдің тарихы, қоғамдағы рөлі, әлеуметтік белсенділігіне сипат берілді. Отбасылық құндылықтардың қала тұрғындары үшін алатын орны, салт дәстүрдің сақталу деңгейі көрсетілген. Сонымен қатар қала агломерациясы, урбанизация мәселесі қарастырылды. Бүгінгі Шымкент қаласының даму тенденциясы. Заманауи қаладағы мәдениетің даму бағытары, мәдениет құндылықтарын паш ететін жаңа мекемелер, ғимараттар. Қала безендіру жұмыстарына түрткі болатын идеялары мен шабыттарының тарихи үні мен бүгінгі күнмен үндестігі. Жинақталған Шымкент қаласының әйел бейнесі мен обрызының бүгінгі күнмен байланысы, даму эволюциясы мен қоғам жадындағы орны анықталды.
Кілт сөздер: Визуалды бейнелер, гендерлі тарих, қала тұрғындарының тарихы, мәдени ескерткіштер, оңтүстік өңірі, бейнелер композициялары.