Түйіндеме
Мақалада философия ғылымдарының докторы, профессор Ж.Молдабековтың еңбектеріндегі рухани құндылықтар жүйеленіп, талданады. Қазақ халқының философ ғалымы Ж.Молдабековтың ғылыми еңбектері қоғамдық сананың ұлттық идеясымен тығыз байланыста жазылғаны мәлім. Онда қазақ болмысы мен рухы зерделеніп, жастар санасына жаңғыртушы күш ретінде әсер етеді. Ұстаздық қызметін ғылыммен шебер ұштастыра білген Ж.Молдабековтың мол мұрасы жастардың философиялық дүниетанымын байытып, отансүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастырып, білімді әрі білікті мамандар ретінде тәрбиелеуге негіз алады.