Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДОҢҒАЛ ҚОНЫСЫН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған July 2021

175

147

Карагандинский университет им. академика Е.А. Букетова
Аңдатпа

Доңғал елді мекені Қарағанды қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 208 км жерде, Кент тауларында, Талды өзенінің саласы Қызылкеныш өзенінің сол жағалауында орналасқан. Автор қоныстың бірнеше тұрғын үйінде қазба жұмыстарын жүргізді, соның арқасында олардың қабырғаларының құрылымы және ішкі интерьер ерекшеліктері анықталды. Тұрғын үйлер жоспарда тікбұрышты пішінді, дәліз тәрізді кіреберістері және бесбұрышты ошақтары қабырғасына орнатылған тақта тастардан құралған. Қабырғалары ішінен жалпақ тақта тастармен орналастырылған және күлмен жабылған. Олардың жанындағы тұрғын үйлерде тас және сүйектен жасалған құралдар, қола тойтарма, қола пышақ сынығы. Доңғал қонысының сазды ыдыстарының маңызды ерекше оюы және фомалары, оның сәулеткерлігі негізінде, автор соңғы қола дәуірінен ерте темір ғасырына өтпелі кезеңмен мерзімделген ескерткіштердің доңғалдық типін бөліп шығарды. Сонымен бірге, қыштың оюы және дайындалу технологиясы сарғара-алексеев мәдениеті (соңғы қола дәуірі) қыштық кешенімен айқын ұқсас болып келеді, ол олардың генетикалық байланысын көрсетеді.

pdf