Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

ҚХР МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ҮКІМЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМДЕР НЕГІЗІНДЕ

Жарияланған June 2021

420

99

Аңдатпа

Қытай мен Қырғызстан дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері бірнеше жыл бойы экономикалық және сауда қатынастарын сақтап келеді. Қазіргі уақытта «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында қытай-қырғыз сауда-экономикалық ынтымақтастығы тереңдей түсуде. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың негізі өзара тиімді әріптестік болып табылады. Екі ел арасындағы уағдаластықтарды зерделей отырып, мақалада сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың негізгі аспектілері талқыланып, екі ел арасындағы экономикалық және сауда саясатының проблемалары мен болашағы талданады.
Екі елдің сауда-экономикалық саясаты негізінен үш кезеңге бөлінеді: 1992-2001 жылдар - бұл елдердің құқықтық негізін құрған дайындық кезеңі; 2002-2012 жылдар - бұл екі ел тиісті ынтымақтастықты кеңейтуді және жаңа салалардағы туындаған проблемаларды шешуді жалғастыратын және ынтымақтастықтың нақты мазмұны жоспарланған даму кезеңі; 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін екі ел арасындағы экономика мен саудаға қатысты түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайту кезеңі болып кемді.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Xie , .T. 2021. ҚХР МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДАҒЫ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ҮКІМЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМДЕР НЕГІЗІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021).