Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы

РУХАНИЛЫҚ ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Жарияланған June 2021

93

36

Аңдатпа

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы еліміздің рухани жадына тың серпін беріп, игі бастама ретінде ел ішінде насихатталып, лайықты жүзеге асырылуы баршамыздың міндетіміз екендігін айқын көрсетіп берген болатын. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне, ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу керектігіне баса назар аударады. Ұлттық құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білудің бағыт-бағдарын ұсынады. Ғылыми жұмыста бабалар дәстүрін асқақтатуда олардың рухани-мәдени құндылықтық асыл мұраларының қазіргі таңдағы ұрпақтар сабақтастығының рухани жаңғыру кемеліне көтеру мәселелері жан-жақты зерделенген. Ұлы Дала ақын-жыраулары, билер шығармашылығы, атқарған қызметтері мен ерен еңбектерін қазіргі ұрпақтар тәрбиесімен ұштастыруға ұмтылыс жасалған. Жалпы ұлттық болашақтың ұтымды ізденістері ретінде ел мүддесі мен тағдырына қатысты бабаларымыздың талай ұрпақтары қалыптастырған игілік пен ізгілік дәстүрінің қырлары тереңінен сараланған.

pdf (English)