Мемлекеттік жүйелердің құлауы мен ұзаққа созылған ішкі соғыстардың, жаулап алу жорықтарының көзінде шаруашылық құрылымдары үлкен зардап шеккен болатын. Селжұқ империясының экономикалық жүйенің ерекшеліктері мен әлеуметтік саясаттың бағыттары мақала барысында талданған. Сонымен қатар Селжұқ империясы әскери күштің есебінен саяси жағынан негізделуі, ал экономиканы армия күшімен ретке келтіру мүмкін емес екендігін автор баяндаған. Селжұқ империясындағы күннен-күнге шиеленісе бастаған әлеуметтік мәселелерді шешу кезек күттірмейтін жайтқа айналғандығын негіздей келе автор барлық жерлерде шаруасы күйзеліп, аштыққа ұшыраған шаруалар мен қала халқы көтерілістер ұйымдастырып жатқандығы жөнінде мәліметтер келтірген. Сондай –ақ қалыптасқан жағдайдан шығу үшін, экономикалық жағдайды сауықтыру үшін селжұқ сұлтандары ең дұрыс тәсілді қолданғандығын атап өткнен.
СЕЛЖҰҚ ИМПЕРИЯСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАҒЫТТАРЫ
Жарияланған June 2021
610
143
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Зулпыхарова , Э.У. і Джумадуллаева , А. 2021. СЕЛЖҰҚ ИМПЕРИЯСЫ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАҒЫТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.34.