Египеттің осы уақытқа дейін араб әлемінің ынтымақтастығын, саяси бірлігін әрі халықаралық сахнада өзіне бауырлас мемлекеттердің мақсатмүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күшжігерін жұмсап келгендігі барша әлемге аян. Бауырлас араб елдері мен қатынасын қайта қалпына келтіру Египет үшін өте маңызды. 1979 жылғы КэмпДэвид келісімінен кейін араб елдерінің тарапынан оқшауландыру саясатына ұшыраған Мысыр жаңа үкімет келген соң аймақтық көшбасшылығын қайта қайтаруды көздей отырып, достық сипатта өз қатынастарын біртіндеп жандандыра түсті. Сондайақ Египет Араб Республикасы Таяу Шығыс аймағындағы жағдайды да ұтымды пайдалана білді. Египеттің араб елдерімен қатынасына екі жақта мүдделі еді. Бір аймақта орналасқан бауырлас мемлекеттер ің ұзақ мерзімде бірінсізбірі өмір сүруі де мүмкін емес болатын. Бұл аймақтағы елдер әлеуметтікэкономикалық және де мәдени дамуы жағынан бірі-біріне тәуелді екені сөзсіз.
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жанатаева, К. 2021. МЫСЫРДЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАРДАҒЫ САЯСАТЫ: МЫСЫР ФАКТОРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.33.