Мақалада 1970 жылдардың басында «Ачполиметалл» комбинатындағы жұмысшыларды бірегейлік процесінде өндірістік мерекені ұйымдастыру және пайдалану механизмі туралы Кентау регионалдық мемлекеттік архивінің (KОМA) мұрағаттық материалдары және Ресейдің мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы архивінің (РМӘСТА) Қазақстан Коммунистік партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің документтері негізінде қарастырылған. Кейінгі социализм кезеңіндегі кеңестік қоғамдағы иеліктен кетудің өсіп келе жатқан үрдістері зауыттағы еңбек өнімділігінде көрініс тапты. Республикалық және бүкілодақтық жоғары көрсеткіштертерді
(жазбаларды) дайындау тәжірибесі және өндірістік ұжымдардың құрметке ие болуы «сананың бөлінуіне» әкеліп, жұмысшылар арасында олардың «жұмысқа деген көзқарасына» әсер етті. Жаңа өздігінен жүретін қондырғылардың сенімсіз сапасы және кәсіпорында жөндеу базасының нақты болмауы салдарынан еңбек өнімділігі мен өндіріс құны төмендеді. Жабдықтардың едәуір тоқтап қалуы және істен шығуы, технологиялық тәртіпті бұзу, жоспардан тыс металл шығындары, өнім сапасының төмендеуі біртіндеп өсті. Еңбек өнімділігін арттырудың бір әдісі өндірістік мерекелерді өткізу болды.
Осы мақаланың зерттеу объектісі Кеңес дәуірінде ұжымдық бірегейліктің жағдайын жасайтын ортақ әлеуметтік кеңістікті құру үшін мерекелік рәсімнің нысандары мен әдістерін талдау арқылы, өндірістік мерекелерді ұйымдастыру болса, мерекенің нақты ритуалдық-қатысушылық функциялары және «Ачполиметалл» комбинатының еңбек ұжымдарының кәсіби бірегейлігін құруға әсері оның мәнісі болып табылады.
КЕЙІНГІ СОЦИАЛИЗМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК МЕРЕКЕСІНІҢ РИТУАЛДЫҚ-ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ («АЧПОЛИМЕТАЛЛ» КОМБИНАТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША)
Жарияланған June 2021
282
118
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
әлеуметтік-мәдени бірегейлік, өндірістік мереке, қатысу, Кентау, «Ачполиметалл», 1970 жж., кейінгі социализм.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Далаева , Т. 2021. КЕЙІНГІ СОЦИАЛИЗМ КЕЗЕҢІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК МЕРЕКЕСІНІҢ РИТУАЛДЫҚ-ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ («АЧПОЛИМЕТАЛЛ» КОМБИНАТЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША). Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.31.