Қазақ халқының тарихи жадысында ерекше орын алатын санатына – тарихи тұлғалар, яғни елін сыртқы жаудан қорғаған қайсар батырлар, елінің қамын жеген данагөй хандар мен билердің бейнесі жақсы сақталған. Оларды қазіргі заман ұғымымен ұлт, мемлекет, саясат және қоғам қайраткерлері деп атаймыз. Халық ғасырлар бойы олардың ерліктерін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығы арқылы есте сақталуына мән беріп, тарихи сананың тәрбие құралына айналдырды. Осылай Ұлы Даланың ірі қайраткер тұлғаларының данқты есімін аңызға айналдырып, жыраулардың эпостық жыр, толғау, дастандарында бейнеленіп, баяндалатын тарихи сипаттағы негізгі кейіпкерлері ретінде танылды. Мақаланың мақсаты тарихи жады феномені тарихи тұлғаларды есте сақтау құбылысы тұрғысында қарастырылады.
ҰЛТТЫҚ ҰЖЫМДЫҚ ЖАДЫ ФЕНОМЕНІ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ПЕРСОНАЛИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған June 2021
154
149
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
тарих, жады, ұлт, ғылым, тарихнама, сана, таным.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алпысбес, М. і Еришева T. 2021. ҰЛТТЫҚ ҰЖЫМДЫҚ ЖАДЫ ФЕНОМЕНІ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ПЕРСОНАЛИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2, 65 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-5461.27.