Мемлекеттер өздерінің сыртқы саяси мақсаттары үшін бағдарламалық түрде әрекет еткеніне немесе басқа мемлекеттердің саясатына бағытталғанына қарамастан, белгілі бір сыртқы саяси стратегияны қажет етеді. Белгіленген стратегиялардың аясында мемлекеттердің халықаралық аренада тәуелсіздіктерін қорғау үшін күрес әдістері үш негізгі стратегия аясында зерттелді. Бұл стратегиялар: бейтараптық, оқшаулану және одақ құру. Мысалы КСРО ыдырауынан кейін АҚШ және Ресей сынды екі держава арасындағы бәсекелестік 2000 жылдан бастап бұрынғы КСРО геосаяси аумағында арта түсті. Грузия, екі алып ел арасындағы үлкен ойынның айқын көрінісіне айналды. 1990 жылдары Грузия үшін экономикалық және саяси тұрақсыздық пен азаматтық соғыстардың кезеңі болды. 2003 жылғы Раушан төңкерісімен жаңа дәуірдің есігін ашқан Грузияда АҚШ пен Ресейдің бәсекелестігі күшейді. Осының салдарынан Грузияның АҚШ пен Ресейге деген сыртқы саяси ұстанымы айқындалып, екі алып елмен жаңа қарым-қатынасының негізі қаланды.
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Жарияланған June 2021
468
50
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Сыртқы саясат, стратегия, бейтарап, оқшаулау, одақ құру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Tazhibayev , R. і Abdunazarov, .B. 2021. МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ САЯСИ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.49.