Дәстүрлі білім беру жүйесі мен қазіргі Жаңартылған білім беру бағдарламасына негізделген бағалау жүйесінің айырмашылығы мен өзгешеліктері жер мен көктей екенін аңғарамыз. Дәстүрлі білім беру жүйесі бойынша білімділік пен үлгерім деңгейі ғана бағаланса, қазіргі білім беру жүйесінде оқушының өз бетінше білімді меңгеру, іздену, өзін-өзі білімдендіру деңгейі, талпыныстары да бағаланады. Сондықтан қазіргі заманауи білім беру жүйесіндегі бағалау үрдісі өте күрделі үрдіс, өйткені қазіргі педагогикалық мәдениетте өзін-өзі бағалау, өзін-өзі білімдендіру, өз бетінше іздену іспеттес, ең бастысы өзін-өзі бағалау ұғымдары туралы түсініктер қалыптаспаған.
Мақалада Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясындағы Қазақстан тарихы сабағында оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың оңтайлы тәсілдері мен әдістері дәстүрлі білім беру жүйесіндегі 5-балдық (бағалық) жүйемен салыстыру арқылы жүзеге асырылып, жан-жақты қарастырлған.
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТӘСІЛДЕРІН АНЫҚТАУ
Жарияланған June 2021
131
113
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
бағалау, бақылау, интеграция, инновация, формативті бағалау, суммативті бағалау, критерий.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Апашева, С. і Мамраимов, С. 2021. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТӘСІЛДЕРІН АНЫҚТАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.42.