Мақалада С. Аманжоловтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге берген патриоттық тәрбиесіне баға берілген. С. Аманжоловтың саяси жетекші ретіндегі қызметіне, жеңіске қосқан үлесіне жан-жақты талдау жасалады. Ғалымның жауынгерлерді жеңіске рухтандыруда қазақ батырларының ерліктерін қолданғаны жайлы тың мәліметтер келтіріледі. С.Аманжоловтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлерге берген тәрбиесі ұшан – теңіз. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі.
С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІ
Жарияланған June 2021
453
95
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Саяси, ерлік, патриот
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оскембай, .А. і Кабдрахманова, Ф. 2021. С.АМАНЖОЛОВТЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 1, 68 (Чер 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-5461.46.